ӨМІРБАЯН Мажиқызы Нурлыхан 1978 жылы 8 желтоқсанда Қытай Халық Республикасы Шынжаң Ұйғыр автономиялы районы Үрімжі ауданы Банфаңгу ауылында дүниеге келген. 1986 жылға дейін отбасында ата-анасының тәрбиесінде болады. 1986 жылы қыркүйектен 1994 жылы шілдеге дейін Дыңсагу орта меңтебінде оқиды. 1995 жылы қыркүйектен Үрімжі қалалық №36 Қазақ орта мектебінде оқып, 1999 жылы «үздік» нәтижемен бітіреді. 2000 жылы 14 тамызда тарихи Отаны Қазақстан Республикасына оқуға келеді. Тест тапсырып Қазақ Қыздар Педагогикалық институтынның дайындық факультетінде бір жыл грант бөлімінде оқиды. Онан соң конкурсқа қатысып, грантпен 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінің “Мұрағаттану” мамандығына қабылданып, 2006 жылы үздік дипломмен бітірді. 2011-2013 жылы тарих, археология және этнология факультетіне 6M020300-тарих мамандығы бойынша магистратураны бітірген. 2017 жылы 6D020800-археология және этнология мамандығы бойынша PhD докторантураға грантқа оқуға түсіп 2020 жылы тамамдады. Қазіргі уақытта «Қытай қазақтарының дәстүрлі мәдениеті: қалпы, дамуы, өзгерістері (ХХ ғ.ортасы - ХХІ ғ. басы)» тақырыбындағы диссертациясын жазып жатыр. Жұмыс өтіліне келсек, 2006 жыл қыркүйектен бастап тарих факультетінде методист қызметін атқарды. 2010-2011 оқу жылынан бері ЖОО-ға дейінгі білім бері факультетінің дайындық қафедрасында аға оқытушы. Педагогикалық еңбек өтілі – 12 жыл. Тыңдаушыларға «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінен сабақ жүргізіп келеді. Мажиқызы Нурлыханның қазірге дейін 30-ға жуық ғылыми, әдістемелік мақалалары, ұжымдық автормен бірігіп оқу-әдістемелік нұсқаулығы жарық көрді. 2017 жылы профессор Н.Мұқаметханұлымен бірге «Нығмет Мыңжани таңдамалы мақалалар» атты кітапты құрастырып, баспадан шығарды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Магистратура
2013

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ

Жоғары

2006

Қызығушылығы

2

Мажиқызы Нурлыхан

Жоғарғы оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнін жүргізуде интерактивті әдістерді қолдану 2013 - г. 4 - стр. 0
3

Мажиқызы Нурлыхан

Сандыкбаева У.Д., Арыстанбекова К.Д. ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ БОЛМЫСЫНДАҒЫ ҚҰҢДЫЛЫҚТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 2016 - г. 4 - стр. 0
4

Мажиқызы Нурлыхан

Сандыкбаева У.Д., Арыстанбекова К.Д. 2016 - г. 3 - стр. 0
5

Мажиқызы Нурлыхан

Арыстанбекова К.Д., Мусагулова А.Б., Бегалиева А.К., Айтуарова Б.М. "Түрік қағанатының тарихы" 2017 - г. 3 - стр. 2017
6

Мажиқызы Нурлыхан

Сандыкбаева У.Д., Айтуарова Б.М. НАЙМАН, КЕРЕЙ РУЛАРЫ және олардың қазақ тарихында алатын орны 2017 - г. 3 - стр. 0
7

Мажиқызы Нурлыхан

Арыстанбекова К.Д., Сандыкбаева У.Д. Нығмет Мыңжани - этнограф 2017 - г. 5 - стр. 12
8

Мажиқызы Нурлыхан

Сандыкбаева У.Д., Арыстанбекова К.Д. Қазіргі кездегі жастарды кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу тәжірибесі мен саясатының қалыптасуының материалдық факторлары 2017 - г. 4 - стр. 0
9

Мажиқызы Нурлыхан

Шыңжаң өлкесіндегі әлеуметтік-саяси жағдай және Нығмет Мыңжани (ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары) 2017 - г. 3 - стр. 10
10

Мажиқызы Нурлыхан

Қытайдағы саяси-әлеуметтік өзгерістер: қазақтың тілі мен этникалық менталитетіне тигізген ықпалы (ХХғ. ортасы - ХХІ ғ. басы) 2019 - г. 4 - стр. 176
11

Мажиқызы Нурлыхан

Қытай қазақтарындағы тері өңдеу өнері 2020 - г. 10 - стр. 21
Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0